$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2020, 16:47
Оқиғалар

Ақтөбе облысында автобуспен жолға шыққан Өзбекстан азаматтары құтқарылды

Мәскеуге бет алған Өзбекстанның 20 азаматы кемпингке жеткізілді

Ақтөбе облысында автобуспен жолға шыққан Өзбекстан азаматтары құтқарылды
Фото: inform.kz

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті автобуспен жолға шыққан бір топ Өзбекстан азаматын құтқарды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін таңғы сағат 06:26-да 22 адамды отырғызған жолаушылар автобусы Әйтеке би ауданы аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолының 950 шақырымында техникалық ақауға байланысты жолда тұрып қалған. Автобустағы 22 адамның 20-сы Өзбекстан азаматтары. Олар Шымкент қаласынан шығып, Мәскеуге бет алған.  

Облыстық департаменттің хабарлауынша, автобустағы жолаушылардың барлығы құтқарылып, «Маяк» кемпингіне жеткізілген.

«Шақырту орнына «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №10 Өрт сөндіру постының жеке құрамынан 2 адам және 1 техника, сондай-ақ трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасынан 4 адам және 1 техника жіберілді. Автобус жолаушыларының барлығы құтқарылды және «Маяк» кемпингіне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары