$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2022, 09:23
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесін ұстады. Олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.

«Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланғаны анықталды», - делінген Рolisia.kz таратқан хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.  

Серіктес жаңалықтары