Абай облысының аудандарында шыққан өрт сөндірілді
Оған 608 адам, 94 бірлік техника жұмылдырылды

Бүгін Абай, Жарма, Бесқарағай, Ақсуат, Аягөз аудандарында және Семей қаласында өрт сөндірілді. Сондай-ақ, Үржар ауданындағы дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
ҚР ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 06.09 - 09.09 аралығында Абай облысы бойынша жалпы ауданы 7000 Га (оның ішінде орман аймағы 4,6 Га Бесқарағай ауданы) 9 табиғи өрт және жалпы ауданы шамамен 1000 Га құрайтын 27 құрғақ шөптің жануы тіркелген.
"Табиғи өрттер облыстың Үржар, Абай, Жарма, Ақсуат аудандарында және Бесқарағай ауданында болды.
Өрттерді сөндіруге 608 адам, 94 бірлік техника жұмылдырылды.
Барлық өртті толық ауыздықтағанға дейін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жоғары әзірлікте болады, жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр",-деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.