ШҚО-да бірнеше ауданда тұтанған дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Өрт ошақтарына жақын жерде орналасқан елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер бірнеше дала өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Күршім ауданында «Марқакөл орман шаруашылығы» РММ, Бобровка орманшылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағындақұрғақ шөп, бұталар мен ағаштар өртенген.
«Өрттің алдын ала аумағы 1 300 га құрайды, жақын жерде орналасқан елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп атап өтті өңірлік ТЖД өкілдері.
Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 270-ке жуық адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары қиын таулы жерлер мен ауа райы жағдайына байланысты күрдеоене түскендіктен, "МИ-8" және "Еврокоптер" тікұшақтары тартылды. Бүгін өрт болған жерге суағар құрылғысы бар ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару МИ-171 тікұшағы қосымша көмекке келеді.
«Алтай ауданында "Зырян орман шаруашылығы" КММ және "Быков орманшылығы" аумағындағы бұталар мен қшрғақ шөп өртеніп жатыр. Аумағы 800 Га таулы жердегі өртті жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, "Қазавиаорманқорғау", ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері сөндіріп жатыр. 12 тоннадан астам су ағызылды. Елдімекендерге қауіп жоқ», - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД-да және өрт болған жерде жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылған. Өртті ауыздықтауға барлығы 200-ге жуық адам мен 29 техника жұмылдырылды.
«Бүгін өрт болған жерге Семей қаласының №68303 әскери бөлімінің суағар құрылғысы бар ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы, жеке құрамның 50 адамы және 4 бірлік техникасы көмекке қосымша келеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 км, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында бұта, құрғақ шөп жанып жатыр, өрттің алдын ала ауданы 1200 га. Елдімекендерге қауіп жоқ.
«8 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігінің суағар құрылғысы бар МИ-17 тікұшағы көмекке қосымша келеді. Өртті сөндіруге 280-нен астам адам мен 24 техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. Өрт болған жерді әуеден қадағалау үшін МИ-2 және АН тікұшақтары тартылды. МИ-8 тікұшағының көмегімен 30 адам таудың басына "Кедруха" учаскесіне жеткізілді. Өрт орнында жедел штаб құрылды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Сонымен қатар Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылында өрт сөндіру жұмыстары жалдғасып жатыр. Таудың биіктігі шамамен 800 метр. 8 Қыркүйек сағат 8.52-де 60 Га алаңда өрт ауыздықталды.
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, полиция, ЖАО-ның 70 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.
Тарханка ауылында өрт 2022 жылғы 07 қыркүйекте 35 Га алаңда толығымен жойылды.