$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2022, 10:21
Оқиғалар

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекке қараған түні Алматы – Бішкек тасжолында болған

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Фото: Zakon.kz

Алматы облысында тасжолда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Zakon.kz порталының хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 қыркүйекке қараған түні Алматы – Бішкек тасжолының 32 шақырымында (Әйтей ауылына қарама-қарсы) болған.

«Nissan Cefiro автокөлігі тасжолдың бойымен батыс бағытта (Алматы облысына қарай) шеткі сол жақ жолақпен келе жатқан. Кенеттен жол ортасындағы аллеядан, бұталар арасынан жұгіріп шыққан ер адам жолға қарай секіріп шыққан. Алайда тежегішті басып үлгермеген Nissan жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші қатты екпіннен жол жиегіне ұшып кеткенде ғана жүргізуші тоқтай алған», - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жеке құжаты болмағандықтан, полиция қызметкерлері оның жеке тұлғасын анықтап жатыр.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары