БҚО-да жол талғамайтын көліктің жүргізушісі тірідей өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 6 қыркүйекте болған

Батыс Қазақстан облысында жол талғамайтын көліктің жүргізушісі тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Мой город» порталының жазуынша, қайғылы оқиға 6 қыркүйекте сағат 18:00-де Чапаево – Жаңғала – Сайқын бағытындағы 55 шақырымдық жолдың бойында болған.

«Toyota Hilux көлігінде отырған 49 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, шұңқырға аударылып кеткен. Артынша көлік отқа оранған. Жол апаты салдарынан жүргізуші өртеніп кетті. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.