Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының кеңсесі өртке оранды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр

Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14:04-те Алатау ауданы, Нұрпейісова 2а мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«5 минутта келген сәтте үш қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатының 45 ш.м. ашық жалынмен жанып тұрғаны анықталды. Өрт 14-23-те оқшауланып, 14-43-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,-деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 14 бірлік техника мен 47 адам жұмылдырылған.