02.09.2022, 14:27
Оқиғалар
Павлодарда жұмысшыны күйік шалды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 тамызда қаладағы кәсіпорындардың бірінің гидрометаллургиялық цехында 30 жастағы жұмысшы өндірістік желіні жуып жатқан кезде сілтілі ерітіндімен күйіп қалған.
"Салдарынан күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды", - деді департаментте.
Бұл ақпаратты облыстық еңбек басқармасы растады. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды