Сенат төрағасы Қордай ауданында депутаттар тобының да жұмыс істеп жатқанын айтты
ҚР Парламент Сенатының төарағасы Дариға Назарбаева Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығыстан қаза тапқан және зардап шеккен жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез сауығып кетуіне тілекшімін. Қазақстан халқы үшін бейбітшілік пен келісім басты құндылық болып табылады. Біз бүгін қаза болған жандарды қайғыра еске ала отырып, қоғам үшін бейбітшілік пен келісімнен маңызды ештеңе жоғын ерекше түсінеміз. Осы құндылықтарды өз өміріміздей сақтау әрқайсысымыздың міндетіміз. Арандатушылар мен тонаушылар – адамдардың қаны мен қайғысына өмір сүретін қылмыскерлер. Қордай ауданында үкіметтік комиссиямен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы жұмыс істеуде», – деді Д. Назарбаева.