Ақмола облысында алты жасар бала септикке құлап, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаны тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында алты жасар бала септикке құлап, көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы жағдай 26 тамызда Қосшы қаласында болған. Сағат 21:30 шамасында Қосшы қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан екі сағат бұрын 6 жасар ұлының аулада ойнауға кетіп, сол күйі үйіне оралмағаны туралы хабар түскен.

«Аталған мекенжайға бірден полиция басқармасының басшылығы, жеке құрам және жедел-тергеу тобы барды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі ағынды судың шұңқырынан (септик) табылды», - делінген хабарламада.

Оқиғаны тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.