Ақмола облысында полицейлер мен ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

20 тамыз күні футбол матчы кезінде төбелес болған

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында полицейлер мен ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облысының прокуратурасы 20 тамызда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Көліктегі полиция басқармасы қызметкерлері арасындағы футбол матчы кезінде болған төбелеске қатысты пікір білдірді.

«24 тамызда Бурабай аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 293-бабының 2-бөлігінің1-тармағымен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп жазылған Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.