Талдықорғанда кісі өлтірді деген күдікке ілінген 50 жастағы әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

24 тамызда қаладағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғанда кісі өліміне күдікті 50 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz мәліметінше, 24 тамызда кешкі уақытта қаладағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның денесі табылды. Кісі өліміне күдікті ретінде 50 жастағы әйел ұсталды.

Күдіктінің бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ауыр қылмыстың ішімдік пайдаланылған отырыс барысында болғаны анықталды.

"Кісі өлтіру қаруы ретінде қолданылған ас үй пышағы қылмыстық іс материалдарына тігілді. Күдікті деп танылған әйел қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.