35 жастағы ер адам ауыр жарақат алған
Екібастұзда биіктіктен құлаған дәнекерлеуші қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен ер адам комаға түскен.
«Ашық ауыр бас-ми жарақаты, мидың ісінуі, кеуде қуысының жабық ауыр жарақаты және басқа да көптеген жарақат анықталды. Бірнеше қабырғасы сынған. Үшінші дәрежелі травматикалық шок алған», - дейді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, акционерлік қоғамдардың бірінің аумағында кәсіпорынның газ-электр дәнекерлеушісі жұмыс кезінде биіктігі 6 метр бақылау алаңынан құлап кеткен еді.
Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.