Оралда екі жұмысшы кәріз құдығында суға тұншығып қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан

Фото: mgorod.kz

Оралда  «Батыс су арнасы» кәсіпорнының екі бірдей қызмкеткері кәріз құдығындағы суға тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға Исатай-Махамбет көшесінің бойындағы кәріздік сорғы станциясында күндізгі сағат 11 шамасында болды. Қаза болған жұмысшылардың бірі 40, ал екіншісі 49 жаста. Олар осы жерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, құбырда кенет ақау шығып, станция ағын суға толып кеткен. Кәсіпорын басшылығы қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетілетінін айтты. Қаза тапқан жұмысшылардың бірінің артында үш кішкентай баласы қалған.

Қазір құзырлы орган өкілдері қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.