Алматы облысында автобусқа соғылған көліктің жүргізушісі қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 23 тамызда Жамбыл ауданында болған

Алматы облысында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан көлік жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 23 тамызда сағат 05:40 шамасында Жамбыл ауданында, Алматы-Бішкек тасжолының 92 шақырымында болған.

«Лада» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Ютонг» автобусымен соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақытанына оқиға орнында қаза тапты», - делінген ПД хабарламасында.

Автобус жүргізушісі Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.