Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқан
Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бес адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады.
4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді.
Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқан. Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жазаны қарастыратынын ескертеді.