Қарағанды облысында жол-көлік апатынан 40 жастағы әйел қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол апатынан зардап шеккен екі бала ауруханағңа жеткізілді

Фото: eKaraganda

Қарағанды ​​облысында адам өлімімен аяқталған жол апатында екі көлік жол жиегіне аударылып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ekaraganda порталының жазуынша, қайғылы оқиға 20 тамызда сағат 9.30 шамасында Қызылорда – Павлодар тасжолында, Тұзды ауылынан 15 шақырым жерде болған.

«Opel автокөлігінің жүргізушісі 50 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Ford Mondeo көлігін өткізбей, жанынан келіп соққан. Соның салдарынан екі көлік те жол жиегіне аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан Ford Mondeo көлігінің 40 жастағы жолаушысы - әйел адам оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан зардап шеккен екі бала ауруханаға жеткізілді. Opel көлігінің жүргізушісі мен оның әйеліне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.