Полиция Қордайдағы жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ауылдағы оқиға туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Полиция шиеленісті тоқтатты. Жағдай бақылауға алынды», - деді ведомство өкілдері.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тек қана ресми ақпаратқа сеніп, өсек пен жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

«Әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - дейді ведоство өкілдері.