Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі тарап – сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылды

Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 30 таблетка трамадол мен 7 бөтелке тропикамидті 19 жастағы шаһар тұрғыны рецептсіз сатып алған.

«Допингтің» барлық жиынтығы үшін 19 жастағы Т. есімді бойжеткен фармацевтке 9 мың теңге берген. Екі тарап – сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылды. Дәрілік заттарды рецептсіз сату дерегі ҚР ӘҚбК-нің 426-бабына сәйкес тіркелді. Өндірістік материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.