Павлодар облысында жол апаты болып, жолаушы әйел қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасына қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апаты болып, жолаушы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыз күні сағат 23:30-да Қалқаман - Беловка тас жолында «Hyundai Accent» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. 

Салдарынан 28 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Полиция аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.