19.08.2022, 10:37
Оқиғалар
Калифорнияда екі ұшақ соқтығысып, бірнеше адам қаза тапты
Екі ұшақ та Уотсонвилл муниципалды әуежайына қону кезінде соқтығысқан
Фото: ашық дереккөзден
Калифорниядағы Уотсонвилл қаласында екі ұшақтың соқтығысуы салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жергілікті қала билігінің мәліметінше, ұшақтардағы адамдар түгел көз жұмған.
«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі бірден жетті. Екі ұшақ та Уотсонвилл муниципалды әуежайына қону кезінде соқтығысқан. Бірнеше адам қаза тапқаны туралы белгілі болды», - делінген хабарламада.
San Francisco Chronicle басылымының хабарлауынша, әуежай маңайында Cessna 152 және Cessna 340 ұшақтары соқтығысқан. Олардың бірінің бортында екі адам, екіншісінде бір ұшқыш болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үшеуі де көз жұмды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды