Астанада интимдік қызмет көрсеткен СПА-салон анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Салонның заңсыз қызметі тоқтатылды

Елордада СПА-салондардың бірінде интимдік қызмет көрсетілген. Мекеменің заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ел астанасында жүргізілген "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында "Есіл" ауданының аумағындағы СПА-салонда интимдік қызмет көрсету бойынша заңсыз әрекет фактісі анықталған.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында салон қызметкерлерінің клиенттерге интимдік қызмет көрсеткенін әшкерелеген.

"20-29 жас аралығындағы қыздар мен салон әкімшісі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрліктің хабарлауынша, салонның заңсыз қызметі тоқтатылған.