Алматыда көшеде 28 жастағы әйелді ұрып-соғып қашып кеткен ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

 Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

«Ол - Алматы облысының тұрғыны, 1986 жылы туған К. есімді азамат. Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді негізсіз ұрып-соққан», - делінген ПД хабарламасында.

Белгілі болғандай, қазіргі кезде қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тергеліп жатыр.

Айта кетсек, 17 тамызда түнде 28 жастағы алматылық келіншекке үйінің маңында бейтаныс адам шабуыл жасап, басынан қан шыққанша аямай ұрып-соққан. Артынша оқиға орнынан қашып кеткен.