Нақтырақ айтсақ, Осакаров ауданына тиесілі 10 ауылда ТЖ жарияланды
Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының хабарлауынша, күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты (дауылды жел, боран, жауын-шашын) Қарағанды облысының бірнеше елді мекендерінде төтенше жағдай жарияланды.
«Осакаров ауданы әкімінің шешімімен Осакаровка, Молодежный және ауылдық округтері: Сарыөзек, Қарағайлы, Сұңқар, Пионерский, Озерный, Николаевский, Тельман, Құндызды кенттері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», - деп хабарлайды комитет баспасөз қызметі.