Қызылорда облысында мұнай өнімдерін заңсыз сатқан кәсіпкер сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 93 миллион теңгеге өткізген 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған

Фото: inform.kz

Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз сатқаны үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі 93 миллион теңгеге өткізген 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған.

«Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген агенттік хабарламасында.