Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне ер адам дәрет сындырып кеткен
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы кеңінен тарап кетті
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне ер адам дәрет сындырған. Мұндай жағдай Ақсу қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде де болды. Онда әйел адам подезд ішіне қажетін өтеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы кеңінен тарап кетті. Жазба авторының айтуынша, бірінші жағдай Павлодар қаласы, Толстой көшесіндегі №109 үйде болған.
Instagram-да тараған видео астына жүзден астам адам пікір қалдырған.
"Еш жерде дәретхана жоқ. Кім кінәлі? Ұят. Ешкім халық туралы ойламайды". "Бізде инфрақұрылым жоқ!" – деп жазады желі қолданушылары.
Жазба авторы аталған жайт бойынша әдепсіз тұрғыннан әлі де кешірім мен ластаған жерді тазартуды күтетінін жазған.
Осы жағдайға қатысты Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Адамның жеке басы анықталуда», - деді ведомство.
Осыған ұқсас жағдай Ақсу қаласы, Набережный 33 үйде де болған. Бұл да әлеуметтік желіде кеңінен тарауда. Мұнда әйел аламның подезде қажетін өтегені бейнежазбаға түсіп қалған.
«Егер де сіздер осы адамды танысаңыздар пікірге есімін жазып кетсеңіздер. Оны қазір полиция іздестіруде», - деп жазды автор.