Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Маңғыстау облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаменті басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол азаматтардан мүгедектікті беруді заңсыз жеделдеткені үшін жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәсін мойындап, қорғаушының қатысуымен келу туралы жазбаша міндеттемені алғаны үшін процессуалдық ұстау қолданылмады.