Оны полицейлер құтқарып қалды
Ақтөбеде ер адам асылып өлмек болды, деп хабарлайы Azattyq Ruhy.
14 тамыз күні Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына жедел жәрдемнен ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тәртіп сақшылары қоңырауға уақытылы жауап беріп, оқиға орнына дереу жетеді. Полиция қызметкерлері есікті ашқан уақытта асылып тұрған ер адамды көреді.
Полицейлер жедел әрекет етіп, ер адамды ажалдан арашалап қалды.
Ер адамға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілді. Оның өз-өзіне қол жұмсамақ болуының себебі қаржылық қиындықтармен байланысты болған.