Қазіргі кезде жалған ақпарат таратқан азамат іздестіріліп жатыр
Алматы қалалық полиция департаменті қалалық сот ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ғимаратты шұғыл түрде тексеріп шыққан жедел қызмет өкілдері ешқандай қауіпті затты тапқан жоқ.
«Қазыбек би көшесінің бойындағы қалалық сотта жарылғыш затты іздестіру шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтау және оны жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салсақ, бүгін Алматы қалалық соты ғимаратынан судьялар мен қызметкерлердің эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.