Аталаған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қомақты көлемде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісі жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорында 2022 жылдың шілде айынан бастап ҚР мұнай өңдеу зауытының өндірістік төлқұжаты болмағаны анықталды. Міндетті рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан ЖШС мұнай өнімдерін заңсыз өндіруді, сақтауды, өңдеуді және тасымалдауды жалғастырған.
"Дер кезінде жүргізілген шаралардың нәтижесінде 3,5 мың тоннадан астам мазут, теңіз отыны мен нафтаның басқа да мұнай өнімдерінің түрін ел аумағынан тыс жерлерге заңсыз шығарудың жолы кесілді.
Аталаған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді",-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.