$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰБТ-дан 120 балл жинаған шымкенттік түлек қабылдау комиссиясының қателігінен грантсыз қалған

Министрлік оған қандай көмек көрсетеді

ҰБТ-дан 120 балл жинаған шымкенттік түлек қабылдау комиссиясының қателігінен грантсыз қалған
Фото ашық дереккөзден

Биыл мектеп бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеуден 120 балл алған Жасмин Тастан есімді түлек қабылдау комиссиясының қатесінен бола оқуға түсе алмаған. Әлеуметтік желідегі резонансты жағдайдан кейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мәселеге назар аударып, түлекке Сүлеймен Демирел университетінен грант ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тастан Жасмин ҰБТ-дан 120 балл алған, бірақ ГРАНТ конкурсына тапсырған кезде қабылдау комиссиясы ТЖК нөмірін қате жазып, түсейін деп тұрған грантқа түсе алмай қалды. Құжат қабылдаған менеджер қате жібергенін мойындады, қазір қабылдау комиссиясы мәселені шеше алмай уақытты кейінге шегеріп, мәселені созып жатыр, солай қалып кетеді деп қорқып жатырмыз», - деп жазған еді әлеуметтік желіде министр Саясат Нұрбекетің парақшасын тіркей отырып Алмасбек Ералы есімді азамат. 

Бұл мәселеге қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігінен пікір сұраған едік, министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, мәселенің шешімін ұсынғаны әрі кеткен қателік үшін кешірім сұрағаны белгілі болды. 

«Ғылым және жоғары білім министрлігі мамандары бүгін бұл мәселені назарға алып, шұғыл шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін министр мен министрліктің атынан кешірім сұрады. Тез арада техникалық қателік түзетіліп, талапкер Тастан Жасмин Қуанышқызы үшін Сүлеймен Демирел атындағы универиситетке мемлекеттік грант бөлінетін болды. Сондай-ақ, ол жатақханамен қамтылады», - деп хабарлайды дереккөз. 

Сонымен қатар, құжат қабылдауда қателік жіберген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі қабылдау комиссиясының маманына «сөгіс» жарияланған.

«Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аппарат басшыларына және Жоғарғы оқу орындары ректорларына талапкерлер мен тестілеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау барысында мұқият болуды ескертті», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары