Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 12 тамызда түнгі сағат 2:00 шамасында болған
Қарағанды облысында қайғылы жол апаты орын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 12 тамызда түнгі сағат 2:00 шамасында болған.
"Ақтоғай ауданында Балқаш – Гүлшат тасжолында 65 жастағы Subaru автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ескерту белгілерінің барына қарамастан, жолдың жөнделіп жатқан бағытына шығып, сол жерде жол жөндеумен айналысып жатқан, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.