Алматыда дизель отынын заңсыз сатпақ болған компания басшысы сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды. 

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.