Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды
Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 тамызда полицияға Павлодар қаласының тұрғыны Айманов көшесі бойындағы Павлодар қаласының № 4 балабақшасында 3 жасар қызын тәрбиешінің көмекшісі ұрып-соғу фактісі бойынша жүгінді.
«Аталған дерек тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан алынған бейнематериалдарды зерттеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.