Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік апатынан 3 бала зардап шекті

Видеодан кадр

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты және үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 тамызда Еңбекшіқазақ ауданында болған.

«Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында Audi көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Renault көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды. Үш бала ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы бойынша «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.