Оқыс оқиға арнайы жабдықталған жағажайда болған
Петропавлда Тәжікстан азаматы суға батып кетті. Оқыс оқиға арнайы жабдықталған жағажайда болған. Алайда құтқарушылар жетіп үлгірмеген, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Шетелдік жігіт жағалаудан 80 метр жерде катамаранмен серуендеп жүріп, суға құлап кеткен. Үстінде құтқару күртешесі болмағандықтан қалың қамыс арасынан шыға алмаған. Қазір мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.
"Катамаранды жалға беретін адамдарды тексереміз. Көлік инспекциясымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Жергілікті полиция қызметі де барлық мән-жайды анықтайтын болады", - деді СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Марат Мұратов.