$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.08.2022, 08:56
Оқиғалар

Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды

Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр

Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Оралда кәсіпкерді өлтіргендерді іздеу жұмыстарына ішкі әскер жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мой город» порталының жазуынша, ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қаладағы белгілі кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіру оқиғасы 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында болған. Қылмыскерлер кафеде ер адамға шабуыл жасап, оған бірнеше рет пышақ сұғып алған. Кәсіпкер терезеден көшеге қарай жүгіріп шыққанда, олар оны көлік тұрағында қуып жетіп, өлтіріп кеткен.

Күдіктілердің жеке тұлғасы анықталып, 7 тамызда полицейлер екі күдіктіге – кісі өлтірген соң қылмыс орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жариялады.

Бүгінде тәртіп сақшылары қалаға кіретін барлық жолды, сондай-ақ күдіктілер жасырынуы мүмкін делінген барлық жерді тексеріп жатыр.

«Барлық жеке құрам мен қосымша күштер күдіктілерді іздеуге жұмылдырылды. Егер сіз күдіктілердің орналасқан жері туралы қандайда да бір ақпарат білсеңіз, 102 пультіне немесе 98-45-30 телефонына хабарласыңыз. Анонимділікке кепілдік беріледі», - дейді полиция өкілдері.

Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары