Екібастұзда матаушы кран алаңында жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстық еңбек басқармасында жазатайым оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда матаушы кран алаңында жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 08:30-да ЖШС-ның жабық кран алаңында 38 жастағы матаушы жұмыс кезінде аяғын жарақаттап алған.

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

"1984 жылғы ер адамда оң жақ жамбасы мен оң жақ аяқтың ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы анықталды. Жағдайы орташа ауыр", - дейді Денсаулық сақтау басқармасында. 

Облыстық еңбек басқармасында жазатайым оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.