Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды
Екібастұзда жол апатынан жүргізуші көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы М.Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде күні сағат 20:30-да «ВАЗ-21099» және «Hyundai Tucson» маркалы автокөліктер соқтығысқан.
"Салдарынан «ВАЗ-21099» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - деді департаментте.
Автокөліктер айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.
Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды.