«Қостанай жылу-энергетика» мекемесінің басшысы жанар-жағармай талондарын ұрлап, сатып жіберген

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2,5 мың литр жанармай мен 100 мың литр дизель отынын сатқан

Фото: ашық дереккөзден

«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн.теңге материалдық залал келтірген",-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.