Атырау облысында суға кеткен әкім әлі табылған жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Ринат Джанглишов кеше Жайық өзеніне белгісіз жағдайда батып кеткен

Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишовты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына сүңгуірлердің 2 бригадасы, 2 катер және 1 моторлы қайық жұмылдырылып отыр», - деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет ауданы бойынша бөлімі.  

Еске сала кетелік, 31 шілде күні Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанғылышевтың Ортақшыл ауылында Жайық өзеніне белгісіз жағдайда батып кеткендігі туралы хабарланған болатын.