Олар 4 млрд теңгенің тауарын сатпақ болған
Жыл басынан бері 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.
Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды", - деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.