Ер адам баласын тоғайға ертіп апарып, басын кесіп тастаған
Бүгін Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында алты жасар ұлын өлтірген әкеге үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі сілтеме жасап.
«4 наурызда ер адам баланы отын жинаймыз деген желеумен тоғайға апарған соң куәгерлердің жоқ екенін пайдаланып, балтамен баланың басынан ұрған. Содан соң баланы көтеріп тұрып, мойын тұсынан балтаның өткір ұшымен бірнеше рет аяусыз ұрып, артынша басын кесіп алған», - делінген ORDA Telegram-каналында.
Ер адам қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеу үшін 15 жылға сотталды. Сондай-ақ 10 жылға педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс атқаруға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.