$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2022, 15:03
Оқиғалар

ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді

Құзырлы орган ірі есірткі арнасының жолын кесті 

ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Комитет хабарламасына сәйкес, 26 шілдеде А. есімді елордалық тұрғын қолға түскен.

«Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді. Тергеу есірткіні астана орталығындағы жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмыстарды жалғастырып келеді.

Серіктес жаңалықтары