Атырауда пышақ ұстап көшеге шыққан жігіт жүк көлігінің астына түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамның тірі екені әзірге белгісіз

Атырауда көшеде пышақ ұстап, екі адамға шабуыл жасамақ болған жігіт жүк көлігінің астына секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиғаның видеосы Telegram-дағы Qumash каналында жарияланды. Полиция қазір осы оқиғаға қатысты «Өзін өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша тергеуді бастады.

«Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ер адамның тірі екені әзірге белгісіз.