Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Күдікті Баянауыл ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 22 шілде күні сағат 20.00-де «Жасыбай» демалыс аймағында болған.
«Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны спирттік ішімдіктерді бірге ішу кезінде туындаған жанжал барысында 51 жастағы павлодарлыққа пышақ жарақатын салған. Салдарынан жарақат алған адам оқиға орнында қайтыс болды», - дейді департаментте.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.