Алматыда такси жүргізушісі шетелдік әйелді әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны ұсталып, жауапқа тартылды

Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік әйелден әуежайдан қонақүйге апарғаны үшін 45 мың теңге алып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Алматы облысының 48 жастағы тұрғынының ұсталғанын хабарлады.

«Әуежайдан Бөгенбай батыр көшесінің бойында орналасқан қонақүйге дейін апарғаны үшін тым көп жолақы алған такси жүргізушісі жолаушының мазасын алып, онымен қоймай, өтірік айтып, алдаған. Жүргізуші шығынды өтеп берді», - деп атап өтті Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Әдетте шамамен 2 мың теңге тұратын жолақысы үшін ол Италия азаматынан 45 мың теңге алып алған.

Құқық бұзушы «Қоғамдық орындарда тиісу» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша ескерту жасалып, 5 АЕК мөлшерінде, яғни 15 мың теңгеден астам сомада айыппұл төленеді.