Мектеп басшылығы мен қаланың білім бөлімінің басшысы оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
Қызылордада жасөспірімді өлтірді деген күдікпен кәмелеттік жасқа толмаған оқушы қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қайтыс болған бала №101 мектепте оқыған. Адам өлтіру фактісі мектептегі төбелес кезінде болған. Ал мектеп директоры мен қалалық білім бөлімінің басшысы тергеу жүріп жатқанын алға тартып, оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
«Бір кәмелеттік жасқа толмаған оқушы екіншісін өлтірді деген күдікпен ұсталды», ‒ деп хабарлады облыстық Полиция департаментіндегілер.
ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Қызылорда полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.