Ақтөбе облысында малшыны найзағай соқты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 24 шілдеде Мұғалжар ауданында болған.

Фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында жай соққан малшы зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға 24 шілдеде сағат 08:00 шамасында Мұғалжар ауданында болған.

«Ембі қаласында малшыға найзағай түскен. Ол кезде 41 жастағы ер адам мал бағып жүрген. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді», – дейді облыстық ТЖД өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның оң қолын, кеудесін, қабырға тұсын және оң аяғын күйік шалғанын айтты. Денесінің 15% күйген. Зардап шеккен адамның жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта.