$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2022, 09:31
Оқиғалар

Ақтөбеде кәсіпкерлерден ақша босалап келген қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесе отырып, кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

«Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себеппен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Серіктес жаңалықтары